Басқару органдары
Аумақтық нотариаттық палата өкілдерінің Съезі
РНП-ның жоғарғы басқару органы аумақтықнотариаттық палата өкілдерінің Съезі болып табылады. Республиткалық нотариаттық палатаның кезекті Съезі екіжылда бір рет шақырылады. Алайда республиканың нотариаттық қоғамдастығы қызметінің ерекше маңызды және өзекті мәселелерін шешу қажеттілігі туындаған жағдайда РНП Төрағасымен, Басқармасымен, Ревизиялық комиссиясымен немесе РНП-ның 1/3 мүшелерімен РНП-ның кезектен тыс Съезін шақыру ұсынылуы мүмкін.
РНП Съезінің ерекше құзыретіне келесі мәселелер жатады:
- РНП Жарғысын қабылдау, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
- РНП Төрағасын, РНП-ның Ревизиялық, Мандаттық және өзге де комиссияларын сайлау, олардың өкілеттіктерін тоқтату, соның ішінде мерзімінен бұрын;
- нотариат бойынша арнайы бағдарламалар мен жобаларды бекіту;
- РНП Басқармасының қызметі туралы РНП Төрағасының және РНП-ның қаржы-шаруашылық қызметінің жағдайы туралы Ревизиялық комиссия Төрағасының есептемесін бекіту;
-РНП қаражаты есебінен қаржыландырылатын баспа, білім және өзге де құрылымдық бөлімшелерді, филиалдарды, өкілдіктер мен ұйымдарды құру туралы шешімдерді қабылдау;
- АНП-ның мүшелік жарналарының көлемін, тәртібін және мерзімдерін бекіту;
- нотариустардың ар-намыс Кодексін бекіту және оған өзертулер мен
толықтырулар енгізу;
-РНП-ның қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері туралы Ревизиялық комиссияның актілерін бекіту;
-нотариат туралы заңнамалық актілерге РНП-мен ұсынылатын өзгертулер мен толықтыруларды талқылау, талқылау қорытындылары бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын ұсыныстар туралы сәйкес шешімді талқылау;
- РНП қызметіне қатысты қандай да бір мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
-қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін басқа да мәселелерді қарастыру.
РНП Съезі, егер оның жұмысына Съезге сайланған делегаттардың жалпы санынан 2/3-ден кем емесі қатысатын болса, күн тәртібі бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
РНП Басқармасы
Басшысы РНП Төрағасы болып табылатын РНП Басқармасы басқарудың атқарушы органы болып табылады. РНП Басқармасы Съездер арасындағы кезеңде РНП қызметіне ағымды басқаруды жүзеге асырады.
РНП-ның Басқарма отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ
жылына екі реттен кем емес.
РНП Басқармасының құзыретіне келесі сұрақтар жатады:
- осы Жарғымен қарастырылған тәртіп бойынша Съезд шақыру туралы шешім қабылдау;
- Съезд жұмысына қатысу үшін АНП Съезд делегаттарының өкілдік нормасын белгілеу туралы шешім қабылдау;
- кезектен тыс Съезд шақыру туралы АНП бастамашы-палаталарының шешімдерін қарастырып шешім шығару;
- Съезд материалдарының жобаларын дайындау;
- республикада нотариаттың даму бағдарламаларын (тұжырымдамаларын, жобаларын) әзірлеуге қатысу;
- АНП-ның, олардың Басқармалары мен Төрағаларының, сондай-ақ РНП құрылымдарының жұмысын үйлестіру;
- РНП құралдары есебінен баспа, білім және басқа да құрылымдарын құру;
- РНП-ның жыл сайынғы бюджетін бекіту;
-жекеше нотариустардың кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру бойынша шараларды ұйымдастыру;
- РНП-ның Басқарма мүшелерінің санынан РНП Төрағасының орынбасарын сайлау және оның өкілеттігін анықтау;
- РНП Басқармасының комиссиялары туралы ережелерін бекіту;
- РНП-ның жарғылық қызметінен туындайтын түрлі шараларды ұйымдастыру;
- нотариат бойынша халықаралық және республикалық форумдарда, соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс немесе гранттар бойынша тендерлерде қатысу мәселелері бойынша РНП-ның қатысуы туралы шешімдер қабылдау;
- нотариат мәселелері бойынша ҚР әділет Министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу;
- республикада нотариаттық қызметті ұйымдастыру саласында пайда болатын кез келген мәселелерді қарау және талқылау;
- нотариат қызметін бақылауды ұйымдастыру;
- нотариаттық палаталар мен нотариустар үшін түсіндіру, әдістемелік, ақпараттық-анықтамалық, статистикалық материалдарды өңдеу;
- «Нотариус бюллетені» журналын басып шығару және тарату;
- нотариат мәселелері бойынша ғылыми және әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру;
- нотариат бойынша қайырымдылық және ағартушылық акцияларды ұйымдастыру;
- «Жылдың ең үздік нотариусы» атағына байқау ұйымдастыру;
- РНП-ның арнайы марапаттарын, премияларын және гранттарын құру;
-нотариат бойынша әзірленуші заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер бойынша құқықтық және басқа да сараптамаларды ұйымдастыру;
- ҚР әділет Министрлігіне РНП қызметі туралы ақпаратты жыл сайын ұсыну;
- РНП Съездерінің, Басқармасының және Ревизиялық комиссиясының шешімдерін орындауды ұйымдастыру;
- РНП Төрағасының ұсынуымен РНП Басқарма аппараты қызметкерлерінің штаттық санын, еңбекақы мөлшерін және басқа да төлемдерін бекіту;
- осы Жарғыға қайшы келмейтін басқа да мәселелерді шешу;
- қолданыстағы заңнамаға және осы Жарғыға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру.
РНП-ның Басқарма отырысы РНП Төрағасының немесе РНП Басқарма мүшелерінің ұсынысы бойынша шақырылады және РНП Төрағасымен жүргізіледі.
2025 жылғы 16 мамырда Республикалық нотариаттық палатаның кезекті есептік-сайланбалы XVIII Съезі өтті. Республикалық нотариаттық палатаның XVIII Съезінде Басқарма құрамына Басқарманың келесі мүшелері сайланды:
* Әйгерім Мұратқызы Айкешева (Астана қаласы);
* Қалабаева Қарағөз Көпабайқызы (Алматы қаласы);
* Джунисбекова Гүлнар Тұрарбекқызы (Шымкент қаласы);
* Қорғанбеков Гайдарали Сансызбайұлы (Ақтөбе облысы);
* Ақылтаева Сәуле Қуантайқызы (Алматы облысы);
* Кубитаева Гүлжан Мұратқызы (Ақмола облысы);
* Масатова Гүлнар Жұмағұлқызы (Атырау облысы);
* Сырғабаева Латипа Қонысбекқызы (Жамбыл облысы);
* Елегенова Найля Губашевна (Батыс Қазақстан облысы);
* Баекин Азамат Меңдібекұлы (Қостанай облысы);
* Сүйеубаева Лаззат Сахитжанқызы (Қызылорда облысы);
* Шегемов Сержан Дингуатұлы (Маңғыстау облысы);
* Жапарова Сәуле Рашитқызы (Павлодар облысы);
* Оспанова Гүлмира Мұратбекқызы (Солтүстік Қазақстан облысы);
* Исахов Райымқұл Шаймерденұлы (Түркістан облысы).
Сонымен қатар Басқарма құрамына келесі нотариустар кіреді:
* Бидельманова Жанна Советовна (Шығыс Қазақстан облысы);
* Халелова Кабиряш Султановна (Абай облысы);
* Шубаева Мейрамкүл Кенбаевна (Ұлытау облысы);
* Бекішбаев Арман Сейтжапарұлы (Жетісу облысы);
* Бексұлтанова Айгүл Қазбекқызы (Қарағанды облысы).
РНП Тексеру және Тәртіптік комиссияларының мүшелерін сайлады.
Қарағанды облысы нотариаттық палатасының нотариусы Тахир Ахметұлы Тілеубергенов РНП Тексеру комиссиясының төрағасы болып жаңа мерзімге сайланды. Сондай-ақ, Комиссия құрамына Ұлытау нотариаттық палатасының нотариусы Әбділманапова Нұргүл Әбділманапқызы және Павлодар облысы нотариаттық палатасының нотариусы Байбуринова Ақмарал Нұрланқызы кірді.
Съезд делегаттарының дауыс беру қорытындысы бойынша Республикалық нотариаттық палатаның Тәртіптік комиссиясы мүшелігіне Астана қаласының нотариусы Полумордвинов Олег Игоревич, Жамбыл облысы нотариаттық палатасының нотариусы Биманова Райкуль Омаровна, Қарағанды облысы нотариаттық палатасының нотариусы Ержанова Жанагүл Әмірханқызы, Шығыс Қазақстан облысы нотариаттық палатасының нотариусы Ермекбаева Алтын Орынбасарқызы кірді.
Тәртіптік комиссияның төрағасы болып Олег Полумордвинов сайланды.
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің хатына сәйкес қоғам өкілдерінен келесі үш өкіл ұсынылды:
- Акимжанова Маржангүл Тұрсынханқызы – азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің басшысы, философия докторы (PHD);
- Идрышева Сара Кемадиевна – азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор;
- Қазбаева Әсел Ғабиденқызы – азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кондидаты.
