2026 жылғы 9 наурызда Халықаралық әйелдер күніне орай Халықаралық нотариат одағы ұйымдастырған халықаралық онлайн-форум өтті. Іс-шара құрметті Президент Кристина Армелланың төралығымен ХНО гендерлік теңдік жөніндегі жұмыс тобы өткізетін гендерлік теңдік және нотариаттың рөлі мәселелеріне арналған вебинарлар сериясы шеңберінде өтті.
Форумға Испания, Уругвай, Португалия, Италия, Марокко, Вьетнам, Франция және Мексика сияқты әлемнің түрлі елдерінен нотариаттық қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ ХНО басшылығы қатысты. Қатысушылар нотариаттың әйелдер құқығын нығайтудағы, кәсіпкерлікті дамытудағы, физикалық және экономикалық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы рөлінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті қолданумен байланысты заманауи сын-қатерлерді талқылады.
Қазақстанның нотариаттық қоғамдастығы атынан форум жұмысына республиканың нотариустері: Адылқанова Гүлнара Секенқызы (Абай обл.), Баймағанбетова Светлана Сағынғалиқызы (Маңғыстау обл.), Дайрабаева Гүлзира Мұратханқызы (Түркістан обл.), Дюсебалиева Соледад Сағынқызы (Атырау обл.), Жолжақсы Айжан Базилқызы (Астана қ.), Кокышева Кенжегүл Галимовна (Қостанай облысы), Макешева Алтынай Болотовна (Алматы қ.), Мұртазина Күләми Төкенқызы (Алматы қ.), Рахимова Динара Бақытжанқызы (Қарағанды обл.), Толымбекова Айнұр Жемісбекқызы (Жетісу обл.), Түсіпбекова Жансая Джахановна (Қарағанды облысы) қатысты.
Әйелдердің экономикалық белсенділігін қолдаудағы нотариаттың рөлі туралы Солтүстік, Орталық Америка және Кариб теңізі бойынша ХНО вице-президенті Лорена Флорес Эстрада баяндама жасады. Ол өз сөзінде әйелдердің құқықтық теңдігі мен экономикалық ресурстарға қол жетімділігінің маңыздылығын, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда консультант және құқықтық қорғаудың кепілі ретіндегі нотариустың рөлін атап өтті.
Португалиялық нотариус Филипп Азеведу Майяның презентациясы физикалық және экономикалық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбына арналды. Ол нотариус мәмілелердің заңдылығын қамтамасыз ету барысында ықтимал мәжбүрлеу, алаяқтық немесе теріс пайдалану жағдайларын, әсіресе егде жастағы адамдар немесе тәуелді, осал адамдарға қатысты жағдайларды анықтай отырып, алдын алу функциясын орындайтынын атап өтті.
Франциялық нотариус Коринне Десертеннет-Броссард зорлық-зомбылық жасаған адамдардың, соның ішінде мұрагерлік құқық контекстінде мүліктік пайда алуын болдырмауға бағытталған заңнамалық механизмдерге талдау жасады. Ол сондай-ақ Франциядағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауды күшейтетін соңғы заңнамалық өзгерістер туралы айтты.
ХНО Бас хатшысы Гвадалупе Диас Карранца экономикалық тәуелсіздік экономикалық зорлық-зомбылықтың алдын алудың негізгі факторы екенін атап өтіп, әйелдерге меншікке, активтерді басқаруға және қаржылық ресурстарға тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Цифрландыру дәуіріндегі технологиялық өзгерістер мен нотариаттың рөліне ерекше назар аударылды. Испания нотариустары бас кеңесінің президенті Консепсион Пилар Баррио дель Ольмо нотариаттың цифрлық инфрақұрылымын дамыту, үлкен деректерді пайдалану және нотариаттық қызметке жасанды интеллект құралдарын енгізу туралы айтты. Бұл ретте жаңа технологиялар әдептілік пен гендерлік теңдік қағидаттарын ескере отырып енгізілуі тиіс екендігі атады.
Форумды қорытындылай келе, Кристина Армелла барлық спикерлер мен қатысушыларға белсенді қатысқаны және талқылаудың жоғары деңгейі үшін алғысын білдірді. Соңында ХНО президенті Дэвид Фигероа Маркес нотариаттық мамандықты дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін осындай халықаралық іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай форумдарға қатысу халықаралық тәжірибе алмасуға және нотариаттық қызметті одан әрі жетілдіруге және нотариаттық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған үздік тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.
