2026 жылғы 19 ақпанда онлайн-форматта Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан нотариаттарының өкілдерінің қатысуымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің нотариаттық қызмет саласындағы Базалық ұйымының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс жұмысына Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Олег Полумордвинов қатысты.
Отырысты Беларусь нотариаттық палатасының төрағасы, Базалық ұйымның басшысы Елена Гринкевич ашты. Ол отырыстың күн тәртібін жариялады.
Оның барысында ТМД мемлекеттерінің нотариустары арасында практикалық тәжірибе алмасу бойынша вебинарлар және 2026 жылға арналған өзге де іс-шаралар өткізілетін күндер айқындалды. Бірінші вебинар наурыз айының басына жоспарланды. Ол цифрлық және авторлық құқықты мұра ету мәселелеріне арналады.
Сонымен қатар, Кеңес ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің Бала құқықтары жөніндегі уәкілдерінің (омбудсмендерінің) комиссиясымен кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы нотариустың рөлі тақырыбында бірлескен дөңгелек үстел өткізу мәселесін пысықтауды тапсырды.
Сондай-ақ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Базалық ұйым өкілдерінің Әділет министрлерінің кеңесі жұмыс және сараптама топтарының отырыстарына қатысуы туралы ақпарат тыңдалды. Оның ішінде әділет министрліктері арасында ақпарат алмасудың Бірыңғай электрондық жүйесін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы және 2027 жылы ТМД-да Құқықтық ағарту жылын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын келісу жөніндегі сараптама тобы бар.
