12026 жылғы 16 ақпанда Астана қаласында Республикалық нотариаттық палата Басқармасының отырысы өтті. Жұмысқа Басқарманың 17 мүшесі қатысты. Отырыс Олег Полумордвиновтың төрағалығымен өтті, хатшы болып Айгүл Бексұлтанова сайланды.
Отырыс барысында 2025 жылғы РНП қызметінің негізгі мәселелері мен 2026 жылға арналған басым бағыттарын қамтитын күн тәртібі бекітілді.
Басқарма 2026 жылғы 8 сәуірде РНП кезектен тыс XX Съезін онлайн форматта шақыру туралы шешім қабылдады. Өкілдік нормасы төрағаларды қоса алғанда, әрбір аумақтық нотариаттық палатадан 3 делегаттан бекітілді.
Съездің күн тәртібіне РНП Тәртіптік комиссиясының есебі; РНП Тәртіптік комиссиясының мүшесін сайлау; РНП Тәртіптік комиссиясының төрағасын сайлау сұрақтары кірді.
Басқарма бірауыздан 2025 жылғы РНП қызметі туралы ақпаратты; 2025 жылғы аумақтық нотариаттық палаталардың қорытынды ақпаратты; 2025 жылғы тәртіптік практиканың қорытынды ақпаратты; ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, 2026 жылға арналған РНП Жұмыс жоспарын; 2026 жылға арналған РНП қаржы-шаруашылық қызметінің кірістері мен шығыстарының сметасын бекітті.
Бекітілген жұмыс жоспары шеңберінде 2026 жылға арналған Басқарма мен РНП қызметінің басым бағыттары айқындалды.
Ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету бөлігінде РНП кезектен тыс Съезін өткізуден басқа, Басқарма қызметінің регламентін әзірлеу және бекіту көзделген.
Нотариаттық қызметті әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету саласында конституциялық реформа жағдайында нотариат туралы заңнаманы жетілдіру, мұрагерлік құқық және атқарушылық жазба тетігін жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер сериясын өткізу;
-заңнаманың новеллаларын және оны қолдану практикасын талқылау үшін онлайн-кездесулер ұйымдастыру;
- қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру үшін өңірлерге шығу шаралары көзделген.
Ақпараттық саясат және цифрлық даму бағытына БНАЖ жүйесін сүйемелдеу және жетілдіру; РНП ресми сайтының ребрендингі; бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекет регламентін әзірлеу; нотариаттық палаталардың интернет-ресурстарының мониторингі сұрақтары кірді.
Нормашығармашылық және сараптамалық қызмет шеңберінде Қазақстан Республикасындағы нотариаттың жай-күйі және халықаралық тәжірибе туралы талдамалық-презентациялық материалдар дайындау, салықтық реттеу мәселелерін және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы заңнаманы қоса алғанда, заңнаманы жетілдіруге қатысу жоспарланған.
Нотариустарды оқыту мен біліктіліктерін арттыруға ерекше назар аударылды. Жыл бойы РНП жанындағы Біліктілікті арттыру орталығы вебинарлар, күндізгі және көшпелі семинарлар, сондай-ақ білім беру қызметін үйлестіру бойынша жұмыс кездесулерін өткізетін болады.
Басқарма Республикалық нотариаттық палатаның наградалары мен өзге де көтермелеулері туралы ережеге, сондай-ақ Нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімді ұсынды және қолдады.
Жоспарда сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық, ғылыми-баспа қызметі шеңберіндегі іс-шаралар («Бюллетень нотариуса» журналындағы жарияланымдарды және «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30 жылдығына материалдар дайындауды қоса алғанда), сондай-ақ әлеуметтік және қайырымдылық бастамалар көзделген.
Іс-шаралардың жеке блогы мерейтойлық күндерге арналды: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы және 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 40 жылдығы, оның шеңберінде тақырыптық дөңгелек үстелдер, конкурстар және ел тарихындағы елеулі оқиғалардың қатысушылары - нотариустар мен куәгерлері туралы тарихи-публицистикалық материалдар дайындау жоспарланды.
Қабылданған шешімдер нотариатты одан әрі институционалдық дамытуға, заңнаманы жетілдіруге және нотариаттық қоғамдастықтың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталды.
