Бүгін Азия істері жөніндегі Халықаралық нотариат одағы комиссиясының онлайн-отырысы өтті.
Отырыс Қазақстанның Республикалық нотариаттық палатасының басшылығындағы өзгерістерге байланысты және комиссия қызметіндегі институционалдық сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында шақырылды.
Отырыс барысында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды. Соның ішінде Комиссия Президентін бекіту және 2026 жылы Комиссияның Жалпы отырысының өтетін орнын анықтау.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикалық нотариаттық палатасының төрағасы Олег Полумордвинов 2026-2028 жылдар мерзіміне Комиссия Президенті болып бекітілді.
2026 жылғы қыркүйекте Қытай Халық Республикасында комиссияның Жалпы отырысын өткізу туралы Қытай тарапының ұсынысы қабылданды.
Сондай-ақ, Астана нотариусы Венера Комратова Комиссия хатшысы болып тағайындалды.
