Құрметті әріптестер!
Көрсеткен сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Мен үшін бұл бүкіл нотариаттық қоғамдастық алдындағы жоғары жауапкершілік.
2026 жылдың 23 қаңтарынан бастап Республикалық нотариаттық палата Төрағасының міндетін атқаруға кірістім.
Қазақстан нотариаты – кәсіпқойлыққа, қоғамның сеніміне және нотариустың жауапкершілігіне негізделген мықты құқықтық институт.
Біздің ортақ міндетіміз – өзгермелі құқықтық және цифрлық жаhандану жағдайында кәсіптің болжамдылығын, тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз ете отырып, осы негіздерді сақтау және нығайту.
Төраға ретіндегі менің міндетім – нотариаттың тұрақты, болжамды және эволюциялық дамуына ықпал ету, нотариаттық акт мәртебесін нығайту, нотариусты қорғау және кәсіптің мәнін өзгертпестен цифрлық шешімдерді ақылға қонымды енгізу. Уәкілетті органмен сындарлы өзара іс-әрекет жасау.
РНП түсінікті және теңдестірілген шешім ұсынатын сенім алаңы болған және болады.
Аумақтық палаталар мен әрбір нотариустың белсенді қатысуымен бірлескен жұмыс арқылы біз кәсіптің тұрақты және лайықты дамуын қамтамасыз ете алатынымызға, қоғамның сенімін сақтап, арттыра алатынымызға сенімдімін.
Ашық диалогқа және сындарлы өзара іс-әрекетке дайынмын, нотариаттық қоғамдастық пен тұтастай қоғам мүддесі үшін бірлескен жұмысқа сенемін.
Құрметпен,
Республикалық нотариаттық палата Төрағасы
Олег Полумордвинов
