Республикалық нотариаттық палата Төрағасын сайлауға дайындық аясында РНП-ның ресми сайтында кандидаттардың түйіндемелері мен бағдарламалық құжаттары жарияланды.
Материалдардың жариялануы сайлау үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ нотариат қауымдастығын әрбір кандидаттың кәсіби тәжірибесі, басымдықтары мен нотариатты дамыту жөніндегі ұсынған бағыттары туралы хабардар етуге бағытталған.
Нотариустар ұсынған материалдармен алдын ала танысып, нотариатты дамытудағы негізгі мәселелер бойынша кандидаттардың ұстанымдарын салыстыра алады.
- Айкешева Айгерим Муратовна резюме | бағдарлама
- Бексултанова Айгуль Казбековна резюме | бағдарлама
- Калабаева Карагоз резюме | бағдарлама
- Полумордвинов Олег Игоревич резюме | бағдарлама
