24.12.2025 жылы Республикалық нотариаттық палата төрағасының сайлауын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті РНП төрағаларына кандидаттарды тіркеді.
Ұсынылған құжаттар мен олардың РНП Жарғысына және Сайлауды өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы ереженің талаптарына сәйкестігінің қорытындысы бойынша тіркелген кандидаттар тізімі:
- Әйгерім Мұратқызы Айкешева (Астана қаласы нотариустарының жалпы жиналысы ұсынған);
- Айгүл Қазбекқызы Бексұлтанова (Қарағанды облысы нотариаттық палатасының жалпы жиналысы ұсынған);
- Қарагөз Қалабаева (Алматы қаласы нотариустарының жалпы жиналысы ұсынған);
- Олег Игоревич Полумордвинов, Астана қаласының нотариусы (СҚО және Қызылорда облысы НП жалпы жиналыстары ұсынған).
Кандидаттарды тіркеу ұсынылған құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша белгіленген тәртіппен жүзеге асырылды.
Тіркелген кандидаттар туралы өмірбаяндық мәліметтер, сондай-ақ олардың сайлауалды бағдарламалары жақын арада қосымша жарияланатын болады.
Республикалық нотариаттық палата төрағасының сайлауы 2026 жылғы 23 қаңтарға жоспарланған РНП кезектен тыс XIX Съезі шеңберінде өтеді.
