Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Аталмыш заңмен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді.
Сонымен 1-баптың 9-тармағы 1) тармақшасының он бірінші абзацындағы «мүлікке билік етуге қатысты» деген сөздер «осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 14), 15-1), 16) жəне 17) тармақшаларында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылды.
Осылайша, 1 қаңтардан бастап нотариус мәмiлелерді және шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтай құжаттарын куәландырғанда, мұраға сенімгерлiк басқарушыны тағайындағанда, мұраға құқық туралы және ерлi-зайыптылардың және ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер берерде, ақшаны депозитке қабылдағанда, атқарушылық жазбаларды және вексель наразылықтарын жасағанда, сондай-ақ, сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдағанда жасына байланысты зейнеткерлер нотариаттық тарифті төлеуден босатылмайды.
2025 жылғы 18 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен жасына байланысты зейнеткерлер мүлікке билік етуге қатысты нотариаттық іс-әрекеттерді қоспағанда, барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша нотариаттық тарифті төлеуден босатылды.
