2025 жылғы 7 қарашада Республикалық нотариаттық палата Басқармасының отырысы өтті, онда РНП Жарғысының 6.4-тармағына сәйкес РНП төрағасын сайлау жөніндегі Республикалық нотариаттық палатаның кезектен тыс XIX съезін өткізуге байланысты ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Басқарманың шешіміне сәйкес кезектен тыс XIX Съезд 2026 жылғы 23 қаңтарда Астана қаласында өтетін болды.
Сондай-ақ, күн тәртібі, аумақтық нотариаттық палаталардан өкілдік ету нормасы бекітілді, сайлау өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылды және басқа да ұйымдастыру мәселелері қаралды.
