Республикалық нотариаттық палата Жарғысының 6.25-тармағына сәйкес Жанәбілова Әсел Булатқазықызы Республикалық нотариаттық палата төрағасының өкілеттігін мерзімінен бұрын доғаруына байланысты РНП Төрағасының міндеттерін орындау РНП Төрағасының орынбасарына беріледі.
2025 жылғы 23 қазанда мен РНП Төрағасының міндеттерін атқаруға кірістім.
РНП штаттық режимде қызмет етуде.
РНП Жарғысына сәйкес РНП төрағасын сайлау жоғары органның – РНП Съезінің айрықша құзыретіне жатады.
РНП Съезін өткізу тәртібі мен мерзімдері РНП Жарғысында белгіленген, оған сәйкес РНП Съезін РНП Басқармасы шақырады.
РНП Басқармасы Съездің күн тәртібін, оны өткізу күні мен орнын, делегаттарды сайлау тәртібін белгілейді, Сайлау өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін қалыптастырады.
РНП Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы шешімімен Сайлау өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы ереже бекітілді.
Съезді шақыру туралы шешімді РНП Басқармасы қабылдайды, ол туралы күн тәртібін, күнін, өткізу орнын және өкілдік ету нормаларын көрсете отырып АНП хабардар етіледі.
Съезге делегаттар РНП Басқармасының шешіміне сәйкес АНП мүшелерінің жалпы жиналыстарында сайланады.
АНП мүшелерінің жалпы жиналысы АНП Жарғысында белгіленген тәртіппен шақырылады және өткізіледі.
РНП Жарғысы мен Сайлауды өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы ережемен notariat.kz РНП сайтында таныса аласыздар.
РНП Басқармасы РНП Съезін шақыру және Сайлау өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін қалыптастыру туралы шешім қабылдайды.
Өз тарапымнан осы кезеңде РНП-ның үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілетінін атап өткім келеді.
РНП төрағасын сайлау жөніндегі РНП Съезі және Сайлау өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің жұмысы РНП Жарғысының және Сайлау өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы ереженің жоғарыда көрсетілген талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша жұмыс тобы құрылғанын, оның құрамына сіздің өкілдеріңіз бен АНП-ның барлық төрағалары қатысатынын сіздердің назарларыңызға жеткіземін.
Мен ашық сұхбатқа, сындарлы жұмысқа дайынмын, Сіздің түсінігіңіз бен қолдауыңызға сенемін.
Құрметпен,
РНП Төрағасының м.а. Ақылтаева Сәуле
