21 тамызда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді және жеке тұлғаларды әкімшілендіру департаменті Жеке тұлғаларды әкімшілендіру басқармасы басшысы Дина Қабдылманапқызы Құсайынованың қатысуымен 2025 жылы декларация туралы нотариустарға арналған вебинар өтті.
2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 15 шілдедегі № 208-VIII ҚРЗ ҚР Заңына қол қойды.
Жаңа өзгерістерге сәйкес нотариустер жеке практикамен айналысатын адамдар ретінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250-нысан) тапсыруға міндетті.
Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация (250.00 - нысан) тұрғылықты жері бойынша 15 қыркүйектен кешіктірілмей ұсынылады. 2025 жылы нотариустер 2024 жылғы декларацияны тапсырады.
ЖТС есептеу кезінде салық шегерімдерін қолдану мәселелеріне арналған вебинарды ағымдағы жылдың қараша айында ұйымдастыру жоспарлануда.
