Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай ҚР Әділет министрлігінің бастамасымен Республикалық нотариаттық палатада «Әрбір азаматқа құқықтық көмек!» науқаны ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған медиажоспарды, сондай-ақ Республикалық нотариаттық палатаның 2025 жылға арналған жоспарын орындау шеңберінде 13 тамызда РНП кеңсесінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойынша акция өтті.
Республикалық нотариаттық палатаның мамандары елорданың 7 тұрғынына, атап айтқанда, атқарушылық жазба жасау және мұрагерлік құқық мәселелері бойынша кеңес берді.
Аталған акцияға республиканың барлық аумақтық нотариаттық палаталары қатысты.
В данной акции приняли участие территориальные нотариальные палаты со всей республики.
