Республикалық нотариаттық палата 2026 жылғы тамыз айында нотариаттық практика мен заңнаманың өзекті мәселелеріне арналған оқыту вебинарларының сериясын өткізеді.
Оқыту іс-шаралары Республикалық нотариаттық палата мен РНП жанындағы Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығының жұмыс жоспарын орындау аясында ұйымдастырылады.
12 тамыз күні сағат 10:00-де «КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ: заңнаманың негізгі мәселелері және тестілеуге дайындық» тақырыбында вебинар өтеді.
Дәріскер Астана қаласының нотариусы Санжар Кенжеғали. Қатысушылар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың негізгі талаптарын, сондай-ақ тестілеуге дайындық мәселелерін қарастырады.
13 тамыз күні сағат 11:00-де «Мұрагерлік құқықтағы сот тәжірибесінің жаңа тәсілдері: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2026 жылғы 20 мамырдағы № 4 нормативтік қаулысына ғылыми-практикалық талдау» тақырыбында вебинар өтеді.
Дәріскер «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ Teaching Professor, заң ғылымдарының кандидаты Ұлбала Кудиярова.
Вебинар барысында нормативтік қаулының негізгі ережелері, мұрагерлік істер бойынша сот тәжірибесінің жаңа тәсілдері және олардың нотариаттық қызмет үшін маңызы қарастырылады.
14 тамыз күні сағат 11:00-де «Атқарушылық жазба. Жасау шарттары» тақырыбында вебинар өтеді.
Дәріскер Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының жетекші ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының магистрі Гүлшат Такишева.
Сабақ барысында қатысушылар атқарушылық жазба жасаудың құқықтық негіздері мен шарттарын, ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды және заңнаманы практикада қолданудың жекелеген мәселелерін талқылайды.
20 тамыз күні сағат 16:00-де «АХҚО құқығының ерекшеліктері және оны іс жүзінде қолдану» тақырыбында вебинар өтеді.
Дәріскер – кеңесші, адвокат, «Астана» халықаралық қаржы орталығының құқығы жөніндегі маман Олжас Данияров.
Вебинар бағдарламасы мынадай мәселелерді қамтиды: АХҚО құқығы мен Қазақстан Республикасы құқығының арақатынасы; АХҚО құқығының құрылымы және ол реттейтін қатынастар; АХҚО құқығы бойынша компанияларды құру және олардың қызметі; компаниялардағы корпоративтік басқару; компаниялардың акциялары және оларға құқықтардың ауысуының жекелеген ерекшеліктері.
Барлық іс-шара онлайн форматта өтеді. Нотариустарды тіркеу аумақтық нотариаттық палаталар арқылы жүзеге асырылады.
Вебинарлар сериясын өткізу нотариустардың кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыруға, заңнама мен сот тәжірибесіндегі өзгерістерді зерделеуге, сондай-ақ күнделікті нотариаттық қызмет барысында туындайтын мәселелерді талқылауға бағытталған.
