
Нотариат күніне орай Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың Республикалық нотариаттық палата атына құттықтау хаты келіп түсті.
Құттықтауда нотариат институтының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы, құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі және елдің құқықтық жүйесіне деген сенімді нығайтудағы маңызды рөлі атап өтілген.
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы нотариустардың ұлттық құқықтық жүйені дамытуға, заң көмегінің сапасын арттыруға және қоғамның құқықтық мәдениетін жетілдіруге қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.
Құттықтау хатында нотариат қауымдастығына зор денсаулық, отбасылық амандық, жаңа кәсіби жетістіктер, барлық жоспарланған бастамалардың табысты жүзеге асырылуын және Заңға адал қызмет жолында толағай табыстар тіледі.
Республикалық нотариаттық палата Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне жылы лебізі, нотариат қауымдастығы қызметіне берген жоғары бағасы және нотариат институтын дамытуға тұрақты көңіл бөліп келе жатқаны үшін шынайы ризашылығын білдіреді.
