Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Олег Игоревич Полумордвинов «Заң газетіне» сұхбат беріп, онда Қазақстан нотариатын дамытудың негізгі бағыттары, жүйенің өзекті сын-қатерлері және нотариаттық қызметті жетілдіру жөніндегі жоспарлары туралы айтты.
Сұхбат барысында нотариаттық құжаттың мәртебесін нығайту, нотариатты цифрландыру, тәртіптік практиканы жетілдіру, нотариустарға жүктелген әлеуметтік жүктеме, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ нотариаттық қоғамдастықтың кәсіби құқықтарын қорғау мәселелері қозғалды.
Нотариустардың саны мәселесіне ерекше назар аударылды. РНП Төрағасының айтуынша, соңғы 15 жылда елдегі нотариустар саны 2000-нан 5000-ға дейін өсті. Мамандыққа еркін кіру жүйесі негізгі мәселелердің бірі ретінде белгіленді. Осыған байланысты РНП латын нотариатының әлемдік тәжірибесі мен қағидаттарын ескере отырып, нотариустар санын реттеуге тәсілдерді әзірлеуді жақтайды. Бұл нотариаттық жүйенің тұрақты және тиімді жұмыс атқаруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
РНП Төрағасы БНАЖ мәселелеріне, цифрлық сервистерді дамытуға, нотариаттық мұрағаттарды сақтау проблемасына және цифрлық технологиялар мен нотариаттық қызметтің негізгі қағидаттары арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ, сұхбатта нотариаттың маңызды әлеуметтік рөлі атап өтілді. Атап айтқанда, Қазақстан нотариустары жыл сайын азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына тегін құқықтық көмектің айтарлықтай көлемін көрсетеді.
