2026 жылғы 9 сәуірде Республикалық нотариаттық палатаның Жұмыс жоспарын орындау шеңберінде Нотариустардың біліктілігін арттыру орталығы дәлелдемелерді қамтамасыз ету мәселелеріне арналған вебинар ұйымдастырды.
Дәрісті Қарағанды қаласының нотариусы, Қарағанды облысының аумақтық нотариаттық палатасының Басқарма мүшесі, заң ғылымдарының магистрі, қауымдастырылған профессор Татиева Қанағат Тарғынқызы өткізді.
Вебинар барысында дәлелдемелерді қамтамасыз етуге байланысты нотариаттық практиканың өзекті мәселелері, сондай-ақ заңнаманың тиісті нормаларын қолданудың практикалық аспектілері қаралды.
Өткізілген тестілеу қорытындысы бойынша вебинар бағдарламасын 304 нотариус сәтті игерді.
