2026 жылғы 01 сәуірде Республикалық нотариаттық палатаның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау шеңберінде «01 сәуірден бастап күшіне енетін КЖ/ТҚ/ҚЖТҚҚ туралы заңнамадағы өзгерістер және тестілеуге байланысты мәселелерді талқылау» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинарды нотариустер Гаухар Клышбековна Капанова мен Кенжеғали Санжар өткізді. Олар заңнаманың негізгі жаңалықтарын егжей-тегжейлі айтып, сондай-ақ қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 350-ден астам нотариус қатысты, бұл қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Республикалық нотариаттық палата жанындағы Нотариустердың біліктілігін арттыру орталығы заңнамадағы өзгерістерді түсіндіруге және нотариустардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған тағы бірнеше вебинар өткізуді жоспарлап отыр.
