Халықаралық нотариат одағы Азия істері жөніндегі комиссиясының XV пленарлық отырысының жұмысы аясында маңызды оқиға орын алды. Моңғолия нотариаттық палатасы мен Қазақстанның Республикалық нотариаттық палатасы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім нотариаттық қызмет саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға, тәжірибе алмасуға және елдер арасында үздік тәжірибелерді енгізуге бағытталған.
Меморандумға қол қою салтанатты түрде өтті. Бұл екі палата арасындағы әріптестік қатынастарды тереңдетуге және құқықтық қауіпсіздік пен нотариат саласындағы құқықтық ақпарат, құжаттар мен заңнамалық актілермен қамтамасыз ету мақсатында жәрдемдесуге маңызды қадам болды.