Бүгін, 2025 жылғы 26 маусымда Халықаралық нотариат одағы Азия істері жөніндегі комиссиясының XV пленарлық отырысы басталды. Оның барысында қатысушылар Азиядағы нотариаттың дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылады.
Отырыстың ашылуында комиссия Президенті Ч. Баян Жаргал, Моңғолия Президенті әкімшілігі Аппаратының басшысы Г. Занданшатар, Парламент төрағасы, Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының (парламентінің) мүшесі Д. Амарбаясгалан, сондай-ақ басқа да құрметті қонақтар, соның ішінде Халықаралық нотариат одағының президенті Г. Лионель сөз сөйледі. Олар Комиссия жұмысының маңыздылығын және нотариаттық қызметтердегі заманауи тәсілдердің артықшылықтарын атап өтті.
«Құқықтық реттеу және қашықтан нотариаттық куәландыруды практикалық іске асыру» тақырыбында негізгі презентациялар өтті. Қытай, Жапония, Қазақстан және Индонезия, сондай-ақ Корея, Өзбекстан, Вьетнам және Моңғолия палаталарының өкілдері осы саладағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Презентациялардан кейін қатысушылар қашықтықтан нотариалды куәландыру мәселелері бойынша сұрақтар қойып, талқылау барысында өз пікірлерін білдірді.