Астанада Республикалық нотариаттық палата ұйымдастырған «Қазіргі қоғамдағы нотариат: конституциялық кепілдіктер мен уақыттың сын-тегеуріндері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Әзімова, Жоғарғы соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов, Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева, Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова, Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитетінің төрағасы Венера Калимова, Maqsut Narikbayev University провосты, з.ғ. к., доцент Сергей Пен, сондай-ақ, аумақтық нотариаттық палаталардың делегаттары мен Әзірбайжан, Беларусь, Венгрия, Қырғыз Республикасы, Мексика, Ресей Федерациясы, Түркия, Өзбекстан елдерінің нотариаттық қоғамдастықтарының өкілдері, сондай-ақ Испанияның адвокаты қатысты. Бұл нотариат саласындағы кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін кең алаң қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Спикерлер өздерінің құттықтау сөздерінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жүйесіндегі негізгі буын ретінде нотариат институтының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, нотариат мүліктік, жеке және отбасылық құқықтарды қорғау үшін қажетті іс-әрекеттер мен фактілерді растай отырып, заңдылық пен құқықтық сенімділікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Конференция барысында нотариат саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа, жаңа технологияларға және олардың нотариаттық қызметтерге ықпалына, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық тетіктерге қатысты тақырыптарда баяндамалар ұсынылды. Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Испания және Венгрия мамандарының баяндамалары аса қызығушылық тудырды, олар өздерінің нотариаттық жүйелерінің тәжірибелерімен бөлісті.