2025 жылғы 27 мамырда Maqsut Narikbayev University-де «Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы арасындағы құжаттарды трансшекаралық тану» тақырыбында VII қазақстан-француз семинары өтті.
Семинарды Қазақстанның Республикалық нотариаттық палатасының төрайымы Әсел Жанәбілова мен Франция нотариатының Жоғары Кеңесінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия делегаты, Болье-сюр-Мер қаласының нотариусы Кристина Атанасова құттықтау сөздерімен ашты.
Бағдарлама аясында қатысушылар Кристина Атанасова ұсынған апостиль мен заңдастыруды реформалау сияқты маңызды тақырыптарды талқылады. Көтерілген сұрақтар қызу пікірталас тудырды, оның барысында қатысушылар спикерлерге өз сұрақтарын қоя алды.
Семинардың екінші бөлімінде Бесан нотариусы және Франция нотариатының Жоғары Кеңесінің делегаты Валериу Есану шетелдік элементпен неке шарты туралы айтты. Оның сөзінен кейін қатысушылар өздерінін сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Семинар Валериу Есану мен Әсел Жанәбілованың қорытынды сөздерімен аяқталды, олар барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Франция арасындағы нотариаттық қызметтер мен құжаттарды тану саласындағы диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл іс-шара құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, білім мен тәжірибе алмасу алаңын құрды.