19 мамырда Қытай нотариустар қауымдастығының делегациясы Астанаға жұмыс сапарымен келді. Сапардың негізгі мақсаттарының бірі Республикалық нотариаттық палатаның қызметімен танысу болды. Әңгіме барысында Қазақстан мен Қытай нотариаттарының ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесуде Республикалық нотариаттық палата қонақтарды Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі нотариат мәртебесімен таныстырды, қазақстандық нотариустар орындайтын негізгі міндеттерді атап өтті, сондай-ақ нотариаттық қызметті цифрландыру саласындағы жетістіктерді көрсетті.
Қытай Халық Республикасының өкілдері өз кезегінде өз нотариустарының құзыретін егжей-тегжейлі сипаттады. Айта кету керек, Қытайдағы нотариат мемлекеттік болып табылады және Халықаралық нотариат одағының мүшесі бола отырып, латын түріндегі нотариатқа жатады. Тараптар екі ел нотариустарының қызметімен тәжірибе алмасу және талдау қазақстандық және қытайлық тараптар үшін бірдей пайдалы деп санайды. Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық өзара іс-қимылдың белсенді өсуі нотариаттық куәландыруды талап ететін заңдық маңызы бар іс-қимылдардың едәуір ұлғаюына ықпал етеді.