19 мамырда XIII Санкт-Петербург халықаралық заң форумында Құқық және қоғам сессиясы аясында «Жылжымайтын мүлік айналымының заңдылығын қамтамасыз ету үшін нотариаттық нысан» атты конференция өтті.
Сессия барысында РНП Төрайымы Әсел Жанәбілова «Жылжымайтын мүлік айналымының заңдылығын қамтамасыз ету үшін нотариаттық қызметтегі цифрлық технологиялар» тақырыбында баяндама жасады.
Биылғы жылы Санкт-Петербург халықаралық заң форумына 91 елден 5,1 мыңнан астам қатысушы келді.