Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова з.ғ. д., профессор, ҚР Жоғары мектебі академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері О. Ш. Жалайыридің 80 жылдығына арналған «Жаңа Қазақстанның құрылысы: саяси - құқықтық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени негіздер» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.
Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Конференция барысында қатысушылар қоғамның саяси-құқықтық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени салаларын жаңғыртудың, Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі қазіргі заманғы конституциялық-құқықтық процестерді жетілдірудің өзекті мәселелерін қарастырды.