6-8 қыркүйек аралығында Қазақстанның Республикалық нотариаттық палатасы мен Франция нотариатының Жоғары Кеңесінің өкілдерінен тұратын делегация Тәжікстанға ресми сапарпен барып қайтты. Сапардың мақсаты – Қазақстан, Франция және Тәжікстан нотариаттарының қызметі туралы тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ, Франция мен Тәжікстан нотариаттарының арасында кәсіби байланыс орнату.
Сапар барысында РНП төрайымы Әсел Жанәбілова Әділет министрінің орынбасары Шараф Каримзодтың қатысуымен өткен «Тәжікстан, Франция және Қазақстанның нотариаттық қызметіне жалпы шолу» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында баяндама жасады. Ол нотариустардың жұмысы, Қазақстан нотариатындағы цифрлық технологиялардың белсенді дамуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ақпараттық жүйелермен және мемлекеттік деректер базаларымен электрондық өзара іс-қимылдың арқасында нотариустар БНАЖ-да мәмілелер мен құжаттарды куәландыру үшін барлық қажетті мәліметтерді алады. Нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін және керісінше әрекет жасағаннан басқа, БҚО, СҚО және Павлодар облысының нотариустарына пилоттық режимде сенімхаттардың кейбір түрлерін онлайн жасауға өкілеттік берілген.
Тәжікстан Республикасының Бас мемлекеттік нотариусы Шарофиддин Шарифзода елдегі нотариаттық қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері, жергілікті нотариустардың өкілеттіктері мен жұмыс ережелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Тәжікстанда мемлекеттік нотариат сақталуда, жеке нотариустар және тиісінше нотариаттық палата жоқ, бұл тәжік нотариатын басқа елдердің нотариаттарынан түбегейлі ерекшелендіреді.
Душанбеде қазақстандық және француз нотариаттары өкілдерінің жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес, Тәжікстан Республикасының Әділет министрі Ашуриен Музаффар Курбонмамадпен кездесу өтті. Оның барысында тараптар Тәжікстан нотариатының жай-күйі мен оны реформалау мәселелерін талқылады.
Әсел Жанәбілова «бүгінде Республикалық нотариаттық палата Франция мен Тәжікстан нотариаттары арасында кәсіби байланыс орнату үшін көпір қызметін атқаруда. Француз әріптестері Орталық Азия елдерінің нотариаттарымен ынтымақтастық орнатуға, атап айтқанда Тәжікстанның нотариаттық жүйесімен танысуға мүдделілік білдіреді».
Өз кезегінде, Франция нотариатының Жоғарғы Кеңесінің өкілдері Тәжікстанның нотариаты қаншалықты ынтымақтастыққа дайын болса, олар да соншалықты қолдау көрсетуге дайын екендерін ескертті.
Франция нотариатының Жоғары Кеңесі делегациясының құрамына Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерімен байланыстар орнату бойынша халықаралық қатынастарға жауапты өкілдер – Антуан Дежуа, Кристина Атанасова және Лариса Альбертини кірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кәсіби және іскерлік байланыстарды орнатуға және дамытуға бағытталған шаралар қабылдауға келісті.