22 қазанда Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып сайландым. Сол себепті Жарғының 6.24-тармағына сәйкес РНП Төрағасының өкілеттігін мерзімінен бұрын доғардым. Бұндай шешім қабылдау мен үшін оңай болған жоқ, өйткені нотариат – өмірімнің ісі, менің үлкен кәсіби отбасым. Жиырма жыл бойы нотариаттық қоғамдастықтың дамуына жауапты болу мен үшін үлкен мәртебе болды.
Біз бірге Қазақстан нотариатының берік негізін қаладық. Құқықтық жүйенің маңызды элементі ретінде нотариат институтын бірге дамыттық, азаматтардың мүдделерін қорғадық, қызметімізге инновацияларды енгіздік, дәстүрді сақтап, нотариаттық қоғамдастықтың бірлігін нығайттық.
Сіздерге маған артқан сенімдеріңіз бен көрсеткен қолдауларыңыз үшін, сондай-ақ айтылған сын мен нотариаттық істегі адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамын.
Бүгінгі жетістіктің барлығы біздің ортақ еңбегіміздің қортындысы.
Нотариат мамандықтың жоғары қағидаларын сақтай отырып, одан әрі дамитынына сенімдімін.
Адалдық, жауапкершілік және бір-біріңізге деген сыйластық қызметтеріңіздің негізі болсын.
Аса құрметпен,
Әсел Жанәбілова
