
2026 жылғы 23 қаңтарда Астана қаласында Республикалық нотариаттық палатаның (РНП) XIX кезектен тыс есептік-сайлау Съезі өтті, оған аумақтық нотариаттық палаталардан 100 делегат қатысты.
Съезд төрағасы болып Сырғабаева Латыпа Қонысбекқызы сайланды. Делегаттар күн тәртібін бекітті, ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер бойынша ашық дауыс беру нысанын және РНП төрағасын таңдау кезінде жасырын дауыс беру нысанын анықтады, сондай-ақ съезді өткізу регламентін қабылдады.
Бекітілген күн тәртібі шеңберінде РНП Төрағасының м.а. Басқарманың 2022-2025 жылдардағы қызметі туралы есебі; Тексеру комиссиясының РНП қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйі туралы есебі тыңдалып, бекітілді.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Республикалық нотариаттық палата төрағасын сайлау болды.
РНП Төрағасы лауазымына Айкерим Мұратқызы Айкешева, Астана қ. НП төрайымы; Айгүл Қазбекқызы Бексұлтанова, Қарағанды облысы НП төрайымы; Қарағөз Көпабайқызы Қалабаева, Алматы қ. НП төрайымы; Олег Игоревич Полумордвинов, Астана қ. жеке нотариусы, РНП ТК төрағасы ұсынылды.
Кандидаттардың әрқайсысы цифрландыру, нотариаттың институционалдық рөлін нығайту, тарифтік саясатты жетілдіру, нотариаттық қызметтердің сапасын арттыру, біліктілік және халықаралық өзара іс-қимыл мәселелерін қоса алғанда, нотариаттың одан әрі дамуы туралы көзқарасын қамтитын делегаттарға үндеу жасады және делегаттардың сұрақтарына жауап берді.
Ұйымдастыру комитеті дауыс беруді өткізу және рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Мандаттық комиссия мүшелері әрбір делегатқа бюллетеньдерді жеке-жеке ұсынды. Бюллетеньді алғаннан кейін делегат оны толтыру үшін трибунаға барып, оны съезд қатысушылардың алдында дауыс беру жәшігіне түсірді. Бұл тәртіп жасырын дауыс беру нысанының және рәсімнің ашықтығына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етті.
Дауыс беру аяқталғаннан кейін урна есеп комиссиясының мүшелеріне берілді. Бес делегаттан тұратын комиссия делегаттар алдында урнаны ашты. Содан кейін әр бюллетеньді ашып, дауыс беру қортындысын дауыстап айтты. Қорытынды деректер хаттамада тіркелді.
Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып Олег Игоревич Полумордвинов сайланды, оның кандидатурасын 100 делегаттың 60-ы қолдады.
