2026 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Нотариат қызметі және заң көмегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 343-VIII Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
2026 жылғы 9 шілдеде Заң «Казахстанская правда» газетінің № 126 (30755) ресми басылымында жарияланды.
Заңмен Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне, оның ішінде «Нотариат туралы» және «Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Өзгерістер, атап айтқанда, нотариат қызметі саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау мәселелеріне; Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе мен нотариаттық цифрлық архивтің жұмыс істеуіне; жекелеген нотариаттық әрекеттерді жасау тәртібіне; атқарушылық жазба мәселелеріне; нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату негіздеріне; нотариаттық палаталар мен тәртіптік комиссиялардың қызметіне; сондай-ақ білікті заң көмегін көрсетуге қатысты жекелеген мәселелерге қатысты.
Заңның 2-бабына сәйкес оның негізгі ережелері 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі, ал жекелеген нормалары 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
