2026 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кезекті жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қаралып, мақұлданды.
Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Советбек Тұрсынұлы Медебаев баяндама жасады.
Баяндамашының айтуынша, Заңның мақсаты нотариат туралы заңнаманы жетілдіру, нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру, нотариаттық іс-әрекеттерді жасау кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ көрсетілетін нотариаттық қызметтердің сапасын арттыруға жағдай жасау болып табылады.
