2022 жылғы 29 қарашада Халықаралық нотариат одағына қатысушы елдер нотариаттарының жалпы жиналысы өтті, оның барысында қолданыстағы комиссиялардың есептері тыңдалып, бекітілді.
2020-2022 жылдардағы легислатураның қызметін бағалау барысында ХНО президенті Кристина Ноэми Армелла есепті кезеңдегі ХНО жағдайы мен қызметі туралы баяндама жасады.
Отырыс аясында құрлықтық және құрлықаралық комиссиялардың, жұмыс топтарының есептері де айтылды.
ХНО қатысушы елдер нотариаттарының өкілдері халықаралық ұйымның қаржы жөніндегі қазынашысының есебімен де танысты.
29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Канкунда ХНО мүшелері Бас Ассамблеясының институционалдық жиналыстарының кезекті отырыстары, сондай-ақ ХХХ Халықаралық нотариустар конгресі өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан өткен жылы ұйымның құрамына кірді және 1 желтоқсанда Қазақстанның РНП тұлғасында ХНО құрамына кіруінің ресми рәсімі өтеді.