Әсел Жанабилова мен Олег Полумордвинов Беларусь нотариаттық палатасы ұйымдастырған «Халықты құқықтық ағарту, азаматтарды олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында нотариустың қызметтері туралы ақпараттандыру жөніндегі жұмысқа нотариустардың қатысуы» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысына Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Қырғыз Республикасы және Қазақстан нотариаттарының өкілдері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар азаматтарды құқықтық ағарту, нотариаттық палаталардың жұмыс тәжірибесі, БАҚ пен нотариаттың өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.
Олег Полумордвинов Қазақстанда азаматтарды құқықтық ағарту жұмыстары қалай жүргізіліп жатқандығы туралы айтып берді. Нотариус өз баяндамасында «азаматтарды құқықтық көмекпен қамтамасыз ету – маңызды мемлекеттік міндет, ал мұндай құқықты алу - Конституцияда бекітілген, демек, мемлекет кепілдік берген негізгі Азаматтық құқықтардың бірі», - деп, атап өтті.
РНП Тәртіптік комиссиясының төрағасы қатысушылардың назарын азаматтарды құқықтық ағарту - бұл нотариаттық қызметтің өте маңызды бағыты екендігіне аударды. Баяндамашының айтуынша, «егер нотариустар болмаса, мұны кім жасауы керек, өйткені адам өмір бойы тергеушімен де, судьямен де бетпе-бет келмей өмір сүре алады, оның бақыты үшін, тіпті адвокатсыз да белгілі бір жағдайларда өмір сүруге болады, бірақ нотариустың қатысуынсыз болмайды».
Олег Полумордвинов сонымен қатар құқықтық ақпарат және құқықтық кеңес беру түрінде көрсетілетін заң көмегінің түрлерін келтірді. Бұл бағыттағы жұмыс РНП, АНП және нотариустардың өздерімен 3 деңгейде жүргізіліп жатқанын атап өтті.