Бүгін, 2022 жылғы 17 қарашада, М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде Құқық Жоғары мектебінің базасында қонақ дәрістер бағдарламасы аясында Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова студенттермен «Қазақстан Республикасындағы Нотариат» тақырыбында кездесу өткізді.
Қонақ дәрісі студенттердің қызығушылығын тудырып, интерактивті форматта өтті. Студенттерді нотариаттық мәмілелер жасау, БНАЖ ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері, мамандықтың болашақ перспективалары, сондай-ақ нотариус болу мәселелері қызықтырды.
КАЗГЮУ 2016 жылы РНП-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Содан бері Меморандум ережелерін орындау аясында тараптар бірқатар маңызды бірлескен іс-шараларды өткізді, атап айтқанда Республикалық нотариаттық палата жыл сайын қонақ дәрістеріне қатысады.
КАЗГЮУ қазақстандық алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып, білім беру құрылымын өзгертті, жаңа жағдайларға тез бейімделе алатын бірегей мамандарды даярлау үшін білім беру бағдарламаларын оңтайландырды. Республикалық нотариаттық палата мен КАЗГЮУ Университетінің тәжірибесін, күш-жігері мен білімін біріктіру азаматтық құқық және нотариат саласындағы мамандардың мүмкіндіктерін бірнеше есе кеңейтуге мүмкіндік беретіні анық.