Өткен сәрсенбіде, 2022 жылғы 9 қарашада Халықаралық нотариат одағының әйелдер құқығын қорғау жөніндегі тобының вебинары өтті, оның жұмысына Әсел Жанәбілова қатысты.
Вебинар барысында Халықаралық нотариат одағының президенті Кристина Ноеми Армелла бірінші сөз алды.
Эквадордағы әлеуметтік дамудың үйлестіруші министрі Габриэла Розеро Монкайо Оңтүстік және Солтүстік Америка елдеріндегі әйелдердің құқықтары туралы сөйледі.
Португалия мен Гватемаладағы алғашқы әйел нотариустар туралы нотариус Люсия Атаиде және Гватемала ауылдық университетінің Заң және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Лорена Изабельфлорес Эстрада айтты.
Отбасы, балалық және жасөспірімдік, келісімшарттар мен нотариаттық құжаттама, құқық және технологиялар мәселелеріне маманданған адвокат және нотариус Карина Ванеса Сальерно «Цифрлық зорлық-зомбылықты жеке талдаумен гендерлік зорлық-зомбылық» тақырыбында баяндама жасады.
Вебинар соңында қатысушылар 2023 жылғы 8 наурызда Халықаралық әйелдер күнін өткізу мәселелерін талқылаумен аяқтады.
Әйелдер құқығын қорғау туралы мәселелер ХНО ұйымдастырған вебинар барысында талқыланды
- Подробности
- Просмотров: 1248