2022 жылғы 7 қарашада «Жұмақтас» қонақ үйінде Республикалық нотариаттық палатаның кезекті есептік-сайланбалы XVI Съезі (бұдан әрі – Съез) өтті. Оның барысында Республикалық нотариаттық палата төрағасының Республикалық нотариаттық палата басқармасының қызметі туралы есебі, Республикалық нотариаттық палатаның Тексеру комиссиясының 2020 жылғы 01 қазаннан 2022 жылғы 01 қарашаға дейінгі кезеңдегі Республикалық нотариаттық палатаның қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйі туралы есебі, Қазақстан Республикасында нотариатты дамытудың 2022 жылдан бастап 2027 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасы бекітілді.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлауы өтті. Аталмыш сайлау «Нотариат туралы» ҚР Заңының, Республикалық нотариаттық палатаның Жарғысының және Сайлау өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы ереженің талаптарына сәйкес өтті.
РНП төрағалығына Ұйымдастыру комитетіне РНП Басқармасы мен Ақмола облысы нотариаттық палатасының жалпы жиналысының шешімімен Әсел Жанәбілова мен Алматы қаласы нотариаттық палатасының жалпы жиналысының шешімімен Серік Ислямиевтің кандидаттардың құжаттары келіп түсті.
Съезді өткізу қарсаңында, 2022 жылғы 06 қарашада, Серік Ислямиев РНП төрағалығына сайлаудан өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініші түсті.
Съезге аумақтық нотариаттық палаталар ұсынған 97 өкіл қатысты. 3 делегат дәлелді себептерге байланысты қатысқан жоқ.
Сайлаудың қортындысы бойынша Әсел Жанәбілова үшін 92 делегат дауыс берді, 5 делегаттың дауысы қарсы болды.
Сондай-ақ, Съез барысында Абай, Жетісу, Ұлытау және ШҚО облыстарынан РНП Басқарма мүшелері сайланды.