Бүгін, 2022 жылғы 2 қарашада, Республикалық нотариаттық палата Басқармасының онлайн отырысында Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасында нотариатты дамытудың 2022 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасының жобасын бекітті, ол РНП-ның 2022 жылғы 7 қарашадағы XVI съезінде делегаттарға бекіту үшін ұсынылатын болады.
Бұл құжат республикада нотариаттық қызметті дамытуға бағытталған негізгі қағидаттарды, мақсаттар мен міндеттерді ғана емес, сонымен қатар азаматтық айналым саласындағы нотариаттың рөлі мен құқықтық мәртебесін арттыруға бағытталған тұжырымдаманы да айқындайды.
Қазақстан нотариатын дамыту және нотариустың рөлін күшейту бағытын ұстану қазіргі жағдайда ерекше маңызды, себебі Республикалық нотариаттық палата Халықаралық нотариат одағының мүшесі болды.
Сондай-ақ, Басқарма мүшелері дауыс беру бюллетенінің мәтінін де бекітті. Бюллетеньге РНП төрағаларына тіркелген барлық кандидаттар алфавиттік тәртіппен Тегі, Аты, Әкесінің аты көрсетіле отырып енгізілді.