2022 жылғы 28 қазанда Гүлнара Рыспекованың төрағалығымен Сайлау өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Отырысқа Ұйымдастыру комитетінің мүшелері Мадина Имашева, Ұлжалғас Арыстанбек қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Гүлнар Рыспекова баяндама жасады. Ол 28.10.2022 ж. 18.00-де Республикалық нотариаттық палатаның төрағалығына кандидаттарды тіркеу аяқталғанын хабарлады.
Сайлау өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы ережеге сәйкес келесі кандидаттар тіркелді:
1. Жанәбілова Әсел Булатқазықызы;
2. Ислямиев Серік Нұрханұлы.
Осылайша, Ұйымдастыру комитеті Республикалық нотариаттық палатаның төрағалығына 2 кандидатты тіркеді.
РНП Төрағасының сайлауы 2022 жылғы 7 қарашада Астана қаласында РНП XVI Съезінде өтеді.
РНП төрағалығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті
- Подробности
- Просмотров: 1396