Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова мен атқарушы директоры Гүлнара Рыспекова 2022 жылға арналған РНП жұмыс жоспарын орындау аясында Шымкент қаласы мен Түркістан облысына практикалық семинарлар өткізу мақсатында барды.
Семинарлар нотариаттық іс-әрекеттерді жасау барысында туындайтын өзекті сұрақтарыды талқылауға арналды. Атап айтқанда, атқарушылық жазба жасау, жер учаскелеріне қатысты мәмілелерді нотариаттық куәландыру мәселелері қаралды.
Семинар барысында Әсел Жанәбілова Қазақстан Республикасында нотариатты дамытудың 2022 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасы жобасының ережелерін түсіндірді.
Семинар соңында нотариустарға әділет органдары қызметкерлері күніне орай Әділет министрлігінің медальдары табысталды.