Ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес Мемлекет басшысы жаңадан Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құруға қаулы етті. 8 маусымда құжат күшіне енді.
Содан бері елде үлкен жұмыс жүргізілді. Жергілікті мемлекеттік аппараттар бөлініп, облыстық басқармалар мен облыстық әкімдіктер құрылды, атап айтқанда жаңа аумақтық нотариаттық палаталар құрылды.
20 маусымда Абай облысының аумақтық нотариаттық палатасы құрылды. Оның төрағасы болып Халелова Қабиряш Сұлтанқызы сайланды. Жалпы нотариусдың саны 118. Палата мекенжайы: 071400, Абай облысы, Семей қаласы, Қабанбай батыр көшесі 40, 4-т.н. орналасқан. Байланыс телефондары: 8 (7222)523069, 569790, 360027, e-mail Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Шығыс Қазақстан облысы нотариаттық палатасының төрайымы болып Биделманова Жанна Советовна сайланды. Жалпы саны 154 нотариус. Палата мекенжайы: 070016, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, қ.Сәтпаев көшесі, 72 үй, 33 пәтер. Байланыс телефондары: 8 (7232)203078, 203455, 203467, e-mail Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
3 маусымда Жетісу облысының нотариаттық палатасы құрылды. Төраға болып Бекішбаев Арман Сейітжапарұлы сайланды. Жалпы саны 105 нотариус. Жетісу облысы нотариаттық палатасының мекен-жайы: 040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 75/89, 45 кеңсе. Жұмыс телефоны: 8 (7282) 246894, e-mail Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
23.06.2022 жылы Жезқазған қаласының ауданаралық Әділет басқармасымен Ұлытау облысының нотариаттық палатасы тіркелді. Төрайымы – Шубаева Мейракуль Кенбаевна. Жалпы саны 31 нотариус. Палата Жезқазған қаласы, Желтоқсан көшесі, 4 мекен-жайында орналасқан. Байланыс телефондары: 8 (7102) 72 41 45, Эл.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.