Нұр-Сұлтанда Халықаралық нотариат одағының (UINL) Халықаралық нотариаттық ынтымақтастық жөніндегі комиссия (CCNI) Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп «Атқарушылық жазба. Жасау рәсімі мен тәртібі» тақырыбында конференция ұйымдастырды.
Конференция жұмысына Әзірбайжан, Армения, Венгрия, Германия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Литва, Моңғолия, Тәжікстан, Франция және Хорватия нотариаттық қоғамдастықтарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары қатысты.
Қатысушылар конференцияға қатысушы елдерде атқарушылық жазбалар жасауға байланысты өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ нотариустың соттардың қызметін жеңілдету және оның өкілеттіктерін кеңейту мәселесіндегі құзыреттерін атады. Конференция барысында CCNI президенті, құрметті нотариус, Германияның Федералдық нотариаттық палатасының Халықаралық істер жөніндегі бас өкілі Рихард Бок, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Альфия Савинова, Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова қатысушыларға алғы сөзбен шықты. Атқарушылық жазбаны жасау тәжірибесі туралы баяндамаларды Литваның Нотариаттық палатасының президенті Марюс Страчкайтис, Хорватияда – Нотариаттық палатаның Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі комитетінің президенті Тихана Судар, Моңғолияда – Нотариаттық палатаның президенті Баянжаргал Чадраабал, Венгрияда – Брюссельде Венгр нотариаттық палатасының өкілі Тамаш Сажбен, Әзірбайжанда – Әзірбайжан нотариаттық палатасының электрондық нотариатты дамыту жөніндегі жұмыс тобының үйлестірушісі, Әділет министрлігі Тіркеу және нотариат бас басқармасының консультанты Заур Гасанов, Қазақстанда – Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гүлнар Рыспекова жасады.
Халықаралық нотариат одағының Халықаралық нотариаттық ынтымақтастық жөніндегі комиссия өкілдерінің конференциясы аяқталғаннан кейін Рихард Бок, Мишель Ван-Сегелен және Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілованы Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин қабылдады.