25-28 мамыр аралығында Халықаралық н о т а р и а т о д а ғ ы м ү ш е л е р і Б а с Ассамблеясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа ХНО-ға кіретін елуден астам елдің нотариаттарының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының атынан іс-шараға Республикалық нотариаттық палатаның делегациясы қатысты. Қазақстан Республикалық нотариаттық палата атынан 2021 жылдың 3 желтоқсанында мүшелікке ХНО-ның 90 мүшесі болып кірді.
Республикалық нотариаттық палатаның сөз сөйлеуі барысында Қазақстан мемлекетінде нотариаттың дамуы, нотариаттық қызметті реттейтін заңнама мен ақпараттық технологияларды пайдаланудың өзекті мәселелері айтылды, себебі, әлемдегі және Қазақстандағы қазіргі заманғы нотариатты дамытудың негізгі бағыттарының бірі цифрландыру болып табылады.
Бүгінде цифрлық технологиялардың арқасында нотариаттың әлеуеті кең әрі тиімді бола түсті. РНП төрайымы шетелдік әріптестермен қазақстандық нотариатты күтетін жаңалықтармен бөлісті. Төрайымның айтуы бойынша, нотариат еліміздегі негізгі институттардың бірі туралы және заң шығарушы орган бірнеше жылдан бері нотариаттың өкілеттігін жоспарлы түрде кеңейту жолымен келе жатқанын, сондықтан жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруды сатып алушының қалауы бойынша нотариустарға беру мәселесі қаралып жатқанын атап өтті.
Нотариустар тіркеуші органмен қатар тіркеуді жүргізетін болады. Сондай-ақ серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлеске құқықты 100% иеліктен айыру (басқаға беру) мәмілесін жасау кезінде заңды тұлғаны қайта тіркеуді жүзеге асыруды нотариустарға беру жоспарлануда. Нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою құқығын нотариустарға беру туралы мәселе тағы бар.
Республикалық нотариаттық палатаның презентациясы қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және оны Халықаралық нотариат одағының басшылығы мен мүшелері жоғары бағалады.
Жұмыс сапары шеңберінде РНП төрайымы ХНО басшылығымен ұйымға қатысушы елдердің өкілдері – Франция нотариатының Жоғары кеңесінің президентімен, Грекия, Италия, Латын Америкасы, Венгрия, Моңғолия, Өзбекстан нотариаттарының өкілдерімен және түрлі елдердің нотариаттарының басқа да делегацияларымен екіжақты кездесулер мен келіссөздер өткізді, олардың барысында өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасты, нотариустардың жұмысына ақпараттық технологияларды енгізу және кәсіби этика мәселелері мен нотариатты дамытудың жалпы үрдістері талқыланды.