26 мамырда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы өтті, онда «Соттардың атқарушылық жазбаны даулау туралы істерді қарау кезінде заңнаманы қолдануы туралы» Нормативтік қаулы қаралды және қабылданды.
РНП атынан отырыс жұмысына атқарушы директор Гүлнар Рыспекова қатысты.
Нормативтік қаулының мәтіні Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланатын болады.