Бүгін, 2022 жылғы 31 наурызда Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры Гүлнар Рыспекова Жоғарғы Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес отырысының жұмысына қатысты, оның барысында қатысушылар Жоғарғы Соттың «Соттардың атқарушылық жазбаны даулау туралы істерді қарау кезінде заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының жобасын талқылады.
Сондай-ақ, бүгін Гүлнар Рыспекова Ақтөбе облысының нотариаттық палатасы нотариустары үшін ұйымдастырған атқарушылық жазба бойынша вебинарда сөз сөйлейді.