2022 жылғы 24 наурызда Әділет министрі Қанат Мусин Алматы қаласының салалық палаталарының өкілдерімен кездесу өткізді, оған Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова мен Алматы қаласының нотариаттық палатасының төрайымы Қарагөз Қалабаева қатысты.
Іс-шара барысында кездесуге қатысушылар Алматы қаласының заң қоғамдастығының ағымдағы мәселелерін талқылады, атап айтқанда нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары мен сот сарапшылары қызметінің мәселелері нақты айтылды.