Бүгін бейнеконференц-байланыс тәртібінде РНП Төрайымы және Басқарма мүшелері нотариустармен онлайн кездесу өткізді. Қатысушылар нотариаттың ағымдағы жағдайын, оның жаңа белестерін талқылады және БНАЖ қызметі мен дамуы туралы сұрақтарды қарастырды.
Кездесу барысында нотариустар нотариаттық тарифтер, салық салу, нотариат туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жеңілдік берілген адамдар мен ұйымдарды қысқарту, Қазақстан заңгерлерінің одағынан шығу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама туралы тестілеуден өту туралы және тағы басқа сұрақтарға аса назар аударды.
Өз кезегінде Әсел Жанәбілова заң жобаларды әзірлеу және қабылдау рәсімінің тәртібін түсіндірді және бүгінгі таңда нотариустардың мемлекеттік және жеке нотариустарға бөлінуін қарастырмайтын бірыңғай ұйымдық-құқықтық нысанға көшу мәселесі өте өзекті болып табылады, бұл Салық кодексінен кетуге және «Нотариат туралы» заңда нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеу құнын белгілеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жеңілдік берілген адамдар мен ұйымдардың санатын қысқарту жөнінде РНП төрайымы кейбір санаттардың қысқартылуына қол жеткізуге болатынын, оған айтарлықтай мүмкіншіліктердің барын жоққа шығармады. Алайда, нотариаттық қауымдастық өздерінің ұстанымдарын әрдайым қорғап ала алады деп айта алмайды.
Сондай-ақ, кездесу аясында БНАЖ ұстау және төлем сұрақтары үлкен пікірталас тудырды. Кейбір нотариустар мемлекеттік базаны өз есептерінен қамтамасыз етуге қарсы. Сондықтан әділет министрлігі олардың пікіріне құлақ салса екен дейді.
Өз кезегінде төрайым БНАЖ туралы презентацияны ұсынды.
Кездесудің қортындысы бойынша осы іспеттес шараларды екі айда бір реттен кем емес өткізу туралы және «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына тұжырымдама жобасын әзірлеу жөніндегі бастамашыл топ құрылсын және жобаны ағымдағы жылғы 01 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынсын деген шешім қабылданды.
Соңында тараптар бір-біріне ашық диалог жүргізу мүмкіндігі үшін алғыс айтып, ағымдағы мәселелерді талқылаудың ыңғайлы форматын атап өтті.