«Нотариат туралы» Заңның 4-бабы 4-тармағының іске асырылу барысы туралы мәселені талқылау мақсатында, 2021 жылғы 14 қаңтарда бейнеконференцбайланыс режимінде Әсел Жанәбілованың төрағалығымен Республикалық нотариаттық палатаның басқарма мүшелерінің жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске қатысушыларға электрондық репозиторийдің жұмысы таныстырылды, сондай-ақ оны жаңа модульде пайдалану әдістері түсіндірілді. Келесі аптаның соңында нотариустар үшін БНАЖ –де репозиторий модулі іске қосылады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы қазіргі таңда нотариаттың күн тәртібіндегі бірқатар маңызды жайттарды да атап өтті.